7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасындағы парник газдарының антропогендiк
шығарындыларының/ағындарының деңгейiн бағалаудың нәтижелерi туралы есеп,
жыл сайынғы негізде парник газдарының шығарындыларын/ағындары
мониторингiнiң ұлттық жүйесiн құру үшiн нұсқамалар беру;
атмосферадағы көмiр қышқыл газы концентрациясының ұлғаюы кезiнде аймақтық климаттың қазiргi заманғы өзгеруiн бағалау, экономиканың экологиялық жүйелерiн және климатқа тәуелді салаларының климаттың өзгеруiне бейiмделуiнiң осалдығы мен мүмкiндіктерiн бағалау;
Қазақстанның үстіндегі озон қабатының жай-күйi туралы ақпарат беру;
атмосфера процестерiн және сапасын модельдеу;
ОБЗ импортының мониторингiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу, сондай-ақ ұлттық деңгейде ОБЗ тұтынуды қысқарту, осы бағыттағы стратегияны әзiрлеу;
табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнiндегі ұсыныстарды әзiрлеу;
экологиялық жүйелердiң жай-күйiне антропогендiк факторлардың әсер етуiн бағалау туралы есеп;
Қазақстан Республикасының жаңарған экологиялық Атласын жасау;
қолда бар материалдармен ғылыми есептi, табиғи және техногендiк процестердiң катологын, 1-50000 масштабындағы геоэкологиялық картаны беру;
Iле-Балқаш бассейнiнiң жер асты суларының ресурстарын пайдалану перспективаларын бағалау нәтижелерi бойынша ғылыми, стратегиялық және жедел шешiмдердi әзiрлеу;
мемлекеттік басқару органдарына техногендiк қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамалары бойынша "Байқоңыр" космодромының зымыран-ғарыш қызметiнiң әсерiне ұшыраған аумақтың ластануын зерттеу жөніндегі есеп.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
303-қосымша
234 - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғау объектiлерiн салу және қайта жаңарту"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 618000 мың теңге (алты жүз он сегiз миллион теңгe).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шiлдедегi Су кодексi; "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi Заңы; "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiгi туралы" қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 6 қарашадағы № 1173 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 926 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың индикативтiк жоспары; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаның жай-күйін, халық денсаулығын жақсарту және табиғи ортаға ұлғаймалы теріс антропогендік әсер етуді азайту; табиғи ресурстарды қалпына келтіру, сақтау және тиімді пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: тазарту құрылғысының кешендерін және ағынды сулардың биологиялық тазарту станциясын қайта жөндеу және салу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: "Ақтөбе
қаласындағы Елек өзенiнiң тазарту құрылғыларының кешенiн қайта жөндеу"
және "Шучье-Бурабай курорт аймағының ағынды суларын биологиялық
тазартудың тазарту құрылығыларының кешенiн салу" жобалары бойынша
мемлекеттік сараптамадан өткен және заңнамамен белгiленген тәртiппен
бекітілген жобалау-сметалық құжаттама; Ақтөбе қаласындағы Елек өзенiнiң
тазарту құрылғылары кешенiн салудың бiрiншi кезеңi бойынша құрылыс-монтаж
жұмыстарының көлемін орындау; Қызылорда қаласындағы ағынды сулардың
биологиялық тазарту станциясын салу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын
орындау (сметалық құнның жалпы көлемін 60%).
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
304-қосымша
234 - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғау объектілерiн қалпына келтiру"
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құны: 62196 мың теңге (алпыс екi миллион бір жүз тоқсан алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Қазақстан Республикасына қуаң жерлерді қалпына келтiру жобасын дайындауға арнап Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің гранты беру туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 23 шiлдедегi № 987 қаулысы; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi № 926 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2004-2006 жылдарға арналған индикативтік жоспары туралы" "Жаһандық экологиялық қордың Атқарушы агенттігi ретiнде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің арасындағы Сенiмгерлiк қорының (Қуаң жерлердi басқару жөніндегі жоба) Гранттық келісімiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1199 қаулысы, "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 12 желтоқсандағы № 1260 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: астық өсiру үшiн қиын жағдайлардағы аумақтарда табиғи ресурстарды сақтау, қалпына келтiру және тұрақты пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: құрғақ жағдайлардағы жер пайдаланудың тұрақты жүйелерiн енгізу; ауыл шаруашылығы өнiмiн өткiзуден фермерлердiң табыс алуына жәрдемдесетiн iс-шараларды жүзеге асыру; "Көмiрсутегі квоталарымен" халықаралық саудадағы Қазақстан Республикасының мүмкiн болатын қатысуын айқындау үшiн көмiртегін жұтып қоюдың деңгейiн бағалау; Қазақстан мен Орта Азияның басқа өңiрлерiне жоба нәтижелерiнiң репликация стратегиясын әзiрлеу.
ҚР Yкіметінiң 23.06.04 ж. № 197к қаулысымен 6-тармақ өзгерді
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетін нәтижелер: 3500 га
тыңайған жерлердi, 5 мың гектар тозған жайылымды қалпына келтiру;
көшет-бұталар өсiруге арналған тәлiмбақтардың негiзiн қалау;
көшет-бұталар отырғызу бойынша жұмысты жүргiзу; 2 жел агрегаттарын
орнату; 3 елдi мекендегi сүт жинау жөніндегі орталықтарды ұйымдастыру.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
305-қосымша
234 - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Гидрометеорологиялық мониторинг жүргiзу"
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1032627 мың теңге (бiр миллиард отыз екi миллион алты жүз жиырма жетi мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексі 1, 5, 7, 8, 10, 15, 23-баптар; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы; "Бүкілдүниежүзілік метеорология ұйымы конвенциясына қосылу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1993 жылғы 13 cәуірдегі № 296 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 10 қаңтардағы № 38 қаулысы; "Сумен оны пайдаланудың мемлекеттік есеп тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 15 ақпандағы № 160 қаулысы; "Қазгидромет" және "Қазавиамет" мемлекеттік кәсіпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 наурыздағы № 185 қаулысы; "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 6 қаңтардағы № 1173 қаулысы; Гидрометеорология саласындағы өзара iс-қимыл туралы келісім (Мәскеу қаласы, 1992 жылғы 8 ақпан); ТМД мемлекетаралық гидрометеорологиялық желісі туралы келісім, Мәскеу, 2001 жылғы 16 наурыз.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи ортаның жай-күйiне жүйелiк бақылауларды жүргiзу, республиканың экономика салаларына және халыққа гидрометеорологиялық қызмет көрсетуді жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: бақылауларды жүргiзу, гидрометеорологиялық деректердi жинау, талдау және қорытындылау, ауа райы болжамын жасау, гидрометеорологиялық қызмет көрсету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары.
7- Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: 10
мемлекеттік органдарға берiлетiн 254 данадағы Қазақстанның аумағы бойынша
күн сайынғы метеорологиялық бюллетендi шығару; 4 мемлекеттік органдарға
берiлетiн 12 данадағы Қазақстанның аумағы бойынша ай сайынғы
метеорологиялық бюллетендi шығару; 10 мемлекеттік органдарға берiлетiн
5110 данадағы 14 облыс бойынша 2 және 3 тәулiкке арналған ауа райы
болжамын жасау; 10 мемлекеттік органдарға берiлетiн 7288 данадағы 14
облыс бойынша бiр аптаға ауа райы болжамын жасау; 26 мемлекеттік
органдарға берiлетiн қатер немесе туындау фактiсi жағдайындағы
Қазақстанның облыстары мен әкiмшiлiк орталықтары бойынша қауiптi және
стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстардың туындау мүмкiндiгi туралы
дауылдың алдын алу; 3 мемлекеттік органға берiлетiн 254 данадағы күн
сайынғы гидрологиялық бюллетенді шығару; жаңа бекеттер мен
гидрометрологиялық желі пункттерін құру.
Yкіметінiң
2003 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1327 қаулысына
306-қосымша
234 - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2004 жылға арналған
"Қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесiн
құру және дамыту"
деген 007 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 41048 мың теңге (қырық бiр миллион қырық сегiз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңы; "Ақпаратқа кiру, шешiмдердi қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігiне қол жеткiзу туралы конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы Заңы; "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру туралы" 1997 жылғы 9 желтоқсандағы № 3787 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы № 1241 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгі тұжырымдамасы; "Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру мен жүргізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 885 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 6 қарашадағы № 1173 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары; Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 12 қыркүйектегi қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары; "2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаны қорғау жүйесiн ақпараттандырудың қазiргi заманғы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған кешенді ақпараттандыруды жүргізу, сондай-ақ қазiргi заманғы жаңғыртуды қамтамасыз ету және есептеу, коммуникациялық, желiлiк жабдық әрi ұйымдастырушылық техникасын, желiлiк бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарымен жарақтандыру, ақпараттық жүйелердi тұтастандыру және ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: қоршаған ортаны қорғаудың ақпараттық жүйесiн әзiрлеу және құру; "Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрлары" ақпараттық жүйесiн дамыту; жалпы пайдаланудағы дерекқорды (ақпараттық ресурстарды) құру, лицензиялық желiлiк бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ақпараттық жүйесiнiң жұмысы үшiн есептеу техникасын, принтерлердi, сканерлердi сатып алу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспары.